Мәдениет майталманы марапатталды

Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет саласының майталманы, өз ісінің хас шебері, ұлт руханиятының жанашыры Сания Хаиржанқызы Жақсылықоваға «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек Даңқы» төсбелгісін табыстады.

Сания Жақсылықова мәдениет саласында 40 жылдан астам қызмет етеді. Әріптестері Сания Хаиржанқызының өз ісіне деген шынайы кәсіби сүйіспеншілігі пен адалдығын жоғары бағалайды. Бүгінде Сания Жақсылықова Семей қалалық Достық үйінде жұмыс істейді.

Кездесу соңында Сания Жақсылықова кәсіподақтарға өз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.