Әлеуметтік жауапкершілік – бұл адамдарға қамқорлық жасау

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде әрдайым білім алушылар мен қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға көп көңіл бөлінген. Өз қызметкерлеріне жұмыс беруші тарапынан және жергілікті кәсіподақтың қолдауымен жасалған осындай теңдессіз қадамдардың бірі ерікті медициналық сақтандыруды қамтамасыз ету болды.

Басқарма төрағасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының м.а. Мәдина Бөкееваның айтуынша, университеттің жергілікті кәсіподағының 1146 мүшесіне Ұжымдық шарттың міндеттемелеріне сәйкес 4 санат бойынша медициналық сақтандыру көрсету жоспарлануда.

Оқытушылар мен қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында университет қаражаты есебінен ерікті медициналық сақтандыруға 109 000 000 теңге мөлшеріндегі қажетті сома қаралып, түзету жоспарына енгізілген.

“Ерікті медициналық сақтандыру” жобасына сәйкес бір адамға сақтандыру кезеңі 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін 12 айға жасалады және барлық қажетті қызметтер пакетін қамтиды:
– Call-center (тәулік бойы консультациялық-диспетчерлік қызмет);
– жедел жәрдем (шұғыл медициналық көмек, ауруханаға жатқызуды ұйымдастыру, алғашқы кеңес беру және шұғыл көмек мамандарымен емдеу);
– амбулаториялық-емханалық көмек (кеңес беру, шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеулер, физиотерапия, дәрігердің тағайындауы бойынша массаж);
– стационарлық емдеу (стационарға жатқызу, диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеулер, хирургиялық және консервативтік емдеу, дәрілік препараттар, стационарға тасымалдау кезінде медициналық сүйемелдеу және өз ісінің мамандарын басқа да қызметтер);
Сондай-ақ, отбасылық дәрігерлер кеңесі, сақтандырылған қызметкер үшін жылына 1 рет профилактикалық тексеру, стоматология, дәрі-дәрмек, вакцинация, кәсіби тексеру пакеттері қосылған.

– Қазақстан университеттері тарихында мұндай әлеуметтік жауапкершілік шешім алғаш рет қабылданып отыр. Карантин елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелді, бұл сөзсіз адамдардың материалдық және психологиялық жақтарына әсер етті. Қазіргі уақытта қызметкерлерге әлеуметтік қолдау жасау маңызды. Бұл университет басшылығының жан-жақты қамқорлығын тағы да растайды, – деп атап өтті М. Бөкеева.