Елордалық Кәсіподақтар орталығы кәсіподақ мүшелерін спортқа тарту және денсаулықты нығайту үшін әртүрлі спорттық жарыстар мен турнирлер өткізуде белсенді жұмыс істейді.
Сенбі күні Ботаникалық саябақтың аумағында салалық кәсіподақтар және Кәсіподақтар федерациясының өкілдерінің қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 30 шақырымдық марафон-челлендж ұйымдастырылды.
Күннің ашық ауа райы қатысушылар үшін қолайлы болды.
Мұндай дәстүрлі іс-шара кәсіподақ мүшелерін ұйымшылдыққа ықпал етеді, жағымды көңіл-күй сыйлайды, бейресми жағдайда уақыт өткізуге және бір-бірін жақсы білуге мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы атынан марафонға қатысушыларға медальдар табыс етілді.