Ақтөбе облыстық əкімдігінде болған басқосуға аумақтық кəсіподақтар бірлестігінің жетекшілері мен бірқатар Салалық жəне жергілікті кəсіподақ өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты. Қаралған басты мəселе – еңбеккерлерді қысқартпау, жалақы бережақтарын өтеу. Ақтөбеде 4 кəсіпорынның 294 жұмысшыға 153 млн. теңге жалақы бережағы əлі шешімін таппай отыр. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында 22 жазатайым оқиға тіркеліп, 1 адам қаза тапқан.
Жыл басынан бері болған жазатайым оқиғаларға сараптау нəтижесінде дені жұмыс берушінің кінəсынан екені анықталып отыр. Ақтөбе мыс компаниясында жыл басында 4 адам зардап шекті. Дөң кен байыту комбинатының шахтасында да 3 оқиға орын алды. Осындай ірі өндірістерде жазатайым оқиғаларды болдырмау, еңбек қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейту жұмыс берушілерге мықтап жүктелді.
Комиссия отырысында облыс аумағындағы мұнай сервистік компанияларында жұмыс ауқымының қысқаруын желеу етіп мысалы “АМК МҰНАЙ” жұмысшыларын қықартпақ. Ал, “Восток мұнай” серіктестігінің бірқатар жұмысшылары жалақыны 100 пайызға көтеру мен тамаққа кететін шығынға төлем қосуды талап етуде. Міне, осы жəне де бірқатар маңызды мəселелер қаралған комиссия отырысында кəсіподақ жетекшілері жұмысшылардың еңбек құқығы мен еңбек қауіпсіздігін басты назарда ұстайтынын жеткізді.