Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалының бастауыш ұйым мүшелерімен тығыз байланыс орнатқан.
Әсіресе әлеуметтік әріптестермен өзара ынтымақтастықта бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұжымдық шарт талаптарын орындауға оң ықпал етеді.
Оған дәлел, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай селолық округіне қарасты «Жантізер» шаруа қожалығының жетекшісі, әлеуметтік әріптес Бақытжан Ержановқа ұзақ жылдарғы жемісті еңбегі мен кәсіподақ ұйымының жұмысын ілгерілетуге көп үлес қосып келеді. Абай ауылында балаларға арналған шағын футбол алаңын жабдықтауға үлес қосты.
Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсетті. Жалаңтөс Баһадурдың ескерткішін орнатуға оған арналған мәдени көпшілік іс шараларға қолдау жасады. Сонымен қатар, көпбалалы аналар мен бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелеріне де әлеуметтік қолдау жасап келеді. Ол жетекшілік ететін шаруашылықта 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестіктің 70 адамы түгелдей бастауыш кәсіподақ ұйымына мүше.
Салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Тұрақбай Алдабергенов жуырда оны 1-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады.