25 мамырда «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында облыстық мәслихаттың «Nur Otan» партиясының депутаттары «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ бастауыш партия ұйымының алаңында кезекті көшпелі қабылдау өткізді.
⠀
Кездесуді депутаттық фракция мүшелері Илья Теренченко, Динара Айтжанова, Раушан Даумова, Серік Сәдуақасов, Сергей Лепехин өткізді.
⠀
Көшпелі қабылдау аясында зауыт қызметкерлері депутаттарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдарды жөндеу сапасы және аула ішіндегі аумақты абаттандыру мәселелері бойынша жүгінді. Сондай-ақ, зауыт жұмысшылары меншік иелерін біріктіру мәселелері алаңдатты.
⠀
Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша барлық сұрақтарға депутаттар дәлелді жауаптар мен ұсыныстар берді, одан әрі қарауды талап ететін сұрақтар партиялық бақылауға алынды.