Еңбек қауіпсіздігіне арналған семинар өз мәресіне жетті

Онлайн-конференция режимінде «ALTYN ENBEK» ЖШС «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу» тақырыбында вебинар өткізілді, оған Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдарының 88 өкілі қатысты.

Санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында Қарағанды өңірінің тау-кен металлургия, құрылыс, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, білім беру, мәдениет ұйымдары, денсаулық сақтау жүйесі, шағын және орта бизнес қызметкерлері мен жұмыс берушілерінің өкілдеріне семинарды табысты өткені туралы сертификаттарды кезең-кезеңмен табыстау өткізілуде.