Еңбек ресурстарын дамыту және жас мамандарды қолдау, кәсіподақ менеджментін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар филиалының басшысы, сот жүйесінің ардагері, медиатор М.А. Иванова Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің диалог алаңында “Торайғыров университеті” КеАҚ және Еуразия Инновациялық Университеті түлектерінің алдында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері туралы дәріс оқыды.
Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университеті өзінің білім беру қызметін 1991 жылы бастады, тәуелсіз Қазақстанның құрдасы болып табылады, жыл сайын 3 000-нан астам дипломды мамандар даярлайды.
1960 жылы құрылған “Торайғыров университеті” КЕАҚ бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның 150 мамандығы бойынша студенттерді дайындайды, жыл сайынғы бас рейтинг бойынша Қазақстанның үздік Көп бейінді жоғары оқу орындарының арасында үздік бестікке кіреді.
Жұмысқа орналастыру білім беру жүйесінің мониторингі кезінде ескерілетін білім беру мекемелерінің талап етілуінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Спикер жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын ресімдеу ережелері туралы айтып, жас мамандарға еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кеңестер берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша кездесу модераторы “Павлодарпрофсервис” ЖШС директоры И.Д. Испулова түлектерге арнаған сөзінде: “сіз өзіңіздің практикалық қызметіңізде еңбек заңнамасын қолданудың белгілі бір даулы мәселелерімен кездесесіз, оларды шешу құқықтық ақпарат пен қолдауды қажет етеді. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Сіздерді кәсіподақтардың татуластыру орталығына шақырады, оған 87088614656 жедел желі телефоны арқылы хабарласуға болады.