Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығында, кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Қарағанды Академиялық музыкалық комедия театрында кәсіподақтың шығармашылық интеллигенциясының өкілдері марапатталды.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Өсерова Алмакүл Тайманқызы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісін жоғары санатты вокалист Виктор Викторович Игушкинді құттықтап, табыс етті. Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Құрмет грамоталарымен: Махнёва Елена Анатольевна, есеп тобының жетекшісі және кадрлар жөніндегі инспектор Тарба Тамара Сергеевна марапатталды.
Алмакүл Тайманқызы Академиялық музыкалық комедия театры мәдениет саласындағы үздік ұжымдардың бірі және біздің облыстың үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бірі болып табылатынын атап өтті. Осының барлығы жұмыс беруші – театрдың тамаша басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Амантай Темірбайұлы Ыбыраев және жұмыскерлердің өкілі, көп жылғы кәсіподақ қызметі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» марапатына ие болған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Надежда Владленовна Корниенкомен әлеуметтік әріптестіктің екі қанатының арқасында.
Бұл ұйымда тиімді және жемісті әлеуметтік серіктестік дамыған, театр ұжымын дамыту және кәсіби деңгейін көтеру, көптеген көрермендердің сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болған театр қызметкерлерінің шығармашылық табыстарына қол жеткізу үшін бәрі жасалады.
Қарағанды Академиялық музыкалық комедия театры әр түрлі музыкалық бағыттағы Қазақстандағы жалғыз театр: әлемдік классикалық және заманауи опереттамен ғана емес, сонымен қатар ұжымнан – дарынды, позитивті, шығармашылықпен дамып келе жатқан, жоғары кәсіби жетістіктері бар кәсіподақ мүшелерінен тұратындығымен ерекше. Ең бастысы, бұл шығармашылық ұжымда әлеуметтік және рухани тұрақтылық бар. Бұл әрдайым ұжымның түрлі іс-шараларына барған немесе қатысқан кезде сезіледі.
Кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұжым үшін қызықты және көңілді құттықтаулар дайындалды. Ол музыкалық жеке орындаулардан, кәсіподақ мүшелері әзілмен және үлкен ынта-жігермен қабылдаған театрдың жұмыс күндері туралы «Ералаш» бейнеролигінен тұрды.