Кәсіподақ өкілдері мемлекеттік қызметшілермен кездесті

ҚР Кәсіподақтар федерациясының биылғы жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялауы аясында елордада мемлекеттік қызметкерлердің кәсіподақтарын құру жөнінде жұмыстар жандана бастады.

24 мамыр күні “ҚЫЗМЕТ” Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ төрағасы Мирболат Жақыпов пен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша “ҚЫЗМЕТ” қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов мемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің кәсіподақтарын құруға қатысты кездесуге қатысты.

Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мəселелерi басқармасының және “Астана жастары” КММ қызметкерлері қатысып, кәсіподақ жұмысына қатысты қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.

Басқарма қызметкерлері бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға ниеттерін білдіріп, қолдау танытты.