2021 жылғы 26 мамырда Павлодар қалалық сотының судьясы В. Н.Шевченко мен Екібастұз қалалық сотының судьялары Е. Е. Калкен мен А. М. Жанаева Павлодар облыстық соты мен Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау шеңберінде келісу комиссияларының мүшелерін еңбек даулары бойынша қаралған азаматтық істерді кейстік талдау мысалдарында еңбек заңнамасының негіздеріне оқытуды көздейтін, шешімдері заңды күшіне енген облыстың кәсіподақ орталығының “теориядан практикаға” жаңа оқыту жобасына қатысты.
Zoom платформасында өткен оқыту семинарына өңір кәсіпорындарының келісу комиссияларының 100 мүшесі, әлеуметтік әріптес кәсіпорындардың заң және кадр департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Семинардың модераторы Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының жетекшісі М.А. Иванова тыңдаушыларға бес кейстік тапсырманы ұсынды.
Зерделенетін еңбек дауларының нысанасы еңбек шартын тоқтату және жұмысқа қайта алу туралы бұйрықтың күшін жою, амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақыны өндіріп алу туралы; тәртіптік жаза қолдану туралы, моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы бұйрықтың заңсыз деп тану және күшін жою туралы; жалақы бойынша берешекті, жалақыны уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны, жұмысынан айырылуына байланысты өтемақыны өндіріп алу туралы, моральдық зиянды өтеу; жұмыс берушінің талабы бойынша кәсіпорын қызметкерлерінен мүліктік залалды өндіріп алу туралы.
Павлодар қалалық сотының төрағасы В. Н. Шевченко мен Екібастұз қалалық сотының судьясы Е.Е. Қалкен мен А. М. Жанаева қатысушылардың назарын нақты даулы жағдайларда қолданыстағы еңбек заңнамасын дұрыс қолдануға аударды.
Сот практикасынан алынған мысалдарды пайдалана отырып, оқыту семинарының жаңартылған форматы келісу комиссиялары мүшелерінің білімін арттырады, бұл еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіппен шешу кезінде еңбек заңнамасы нормаларының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді.