Кәсіподақ мүшелері жастармен кездесті

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасы бойынша кәсіподақ диалог алаңында өңірдің бес колледжінің түлектері кездесті.

Кездесу модераторы “Павлодарпрофсервис” ЖШС директоры И.Д. Испулова түлектерді кәсіподақ диалог алаңында қарсы алды.

Оларды еңбек туралы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен және еңбек қатынастарын ресімдеу тәртібімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Павлодар заң клиникасы филиалының басшысы, сот жүйесінің ардагері, кәсіби медиатор таныстырды.

Онлайн форматта колледж түлектеріне спикер жазбаша және электронды форматта еңбек шартын жасасу, қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі, Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, кезекті еңбек демалысына шығу мүмкіндігі, ұжымдық шарттың маңыздылығы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтау, жеке еңбек дауларын қарау, өңірдегі кәсіпорындардағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметі туралы айтып берді.

Кездесу колледж студенттерінің қызығушылығын тудырды. Кәсіподақтардың тұрақты қолдауын алу үшін оларға ҚРКФ Заң клиникасының және еңбек дауларын шешу кезінде медиацияны қолдану мүмкіндігі бар  татуласу орталығының жұмысы таныстырылды, өйткені колледж түлектері ағымдағы жылы өз еңбек қызметін бастайды.

“Болашақ жас мамандарға еңбек дауын шешудің балама тәсілдері туралы білім алу еңбек қызметі саласында медиацияны қолдану мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді”, – деп атап өтті М. А. Иванова.