Ақсу аумақтық филиалында облыстық мәслихат депутаттары қала тұрғындарының жеке мәселелері бойынша көшпелі қабылдау өтті.
⠀
Кездесуді депутаттық фракция мүшелері Илья Теренченко, Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова, Ирина Чидунчи, Раушан Даумова, Айнар Оспанов өткізді.
⠀
Ақсу тұрғындарының өтініштері қаланы абаттандыруға, тұрғын үйді жалға алуға көмек көрсетуге, жол-көлік оқиғасына қатысушылардың талдау нәтижелерін алуға қатысты болды.
⠀
Екі айға жалға берілетін тұрғын үй ақысын төлеуге көмек көрсету мәселесі депутаттар тарапынан оң шешімін тапты. Сонымен қатар, депутаттар жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерді талдау нәтижелерін дер кезінде алуға көмектесті.
⠀
Сондай-ақ, өтініш берушілер қаладағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту және жер учаскесін алу мәселелерін көтерді. Қабылдау қорытындысы бойынша депутаттармен түсініктемелер мен ұсынымдар берілді, одан әрі қарауды талап ететін мәселелер партиялық бақылауға алынды.