Қобда орман шаруашылығы ұжымының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің Салалық кәсіподағы» Ақтөбе филиалының қарамағына енеді.
Қазірде шаруашылықта жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік әріптеспен ұжымдық шарт аясында жұмыстар жүйелі жолға қойылған.
Осыдан екі жыл бұрын Қобда орман шаруашылығы Қатон-Қарағайдан сібір шыршасын әкеп еккен. Өңірдің табиғатына шырша үйреніп, жерсінген. Қарағайға сұраныс та жоғары.