Кәсіподақ жас мамандарға арналған байқауға қолдау көрсетті

1-маусым балаларды қорғау күні қарсаңында Әйтеке би ауданы «Таң Шуақ» мектепке дейінгі ұйымында «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында жас мамандарға арналған байқау өткізілді.

Сайыс мақсаты – мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзыреттіліктерін нығайту.

Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы ұжым мүшелерін мерекемен құттықтап, байқау жеңімпаздары мен қатысушыларға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.