Үздік техникалық инспектор анықталды

Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды ынталандыру мақсатында «Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-ның ұйымдастыруымен аймақтық «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» конкурсы өткізілді.

Конкурс Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының 2020 жылғы 15 сәуірдегі №2.5-т қаулысымен бекітілген «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» конкурсының Ережесіне сәйкес өткізілді.

Арнайы конкурстық комиссия құрылды және комиссия мүшелігінің құрамына сырттан «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жезқазған қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» РММ-нің Азаматтық қорғаныс инспекторы – Азаматтық қорғаныс капитаны А.С. Абилов пен «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» ЖШС-нің ЕҚжҚТ жөніндегі маманы А.Т. Шамбулова қатыстырылды.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өткізілген құжаттарды қарап, қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады. Конкурс нәтижесі онлайн форматта жарияланды.

1-орын – Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласының білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің техникалық еңбек инспекторы – Ольга Альбертовна Свиридова;
2-орын – Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласының білім бөлімінің «№13 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің техникалық еңбек инспекторы – Эльмира Акимбековна Ахметова;
3-орын – Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласының білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің техникалық еңбек инспекторы – Лаура Кабылкаримовна Махаева. Жеңімпаздар марапатталды.