28-29 мамырда Баянауыл ауданының аумағында, Жасыбайда Павлодар облысының жас мемлекеттік қызметшілерінің – “Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” ҚБ кәсіподақ мүшелерінің көшпелі кеңесі өтті.
Аталған іс-шараны «Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ қолдауымен «Талимгер» жастар қоғамдық бірлестігі өткізді, сондай-ақ шақырылған дәріскерлер ретінде Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалының өкілдері сөз сөйледі. Кеңеске басқармадан мал шаруашылығын дамыту бөлімінің бас маманы Қарлығаш Әлкенова қатысты.
⠀
Кеңес соңында ұйымдастырушылар сертификаттар таратты және қатысушылардан мұндай кеңестерді жыл сайын өткізу туралы ұсыныс айтылды.
⠀
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың білімін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне парасаттылық және төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.