«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтары мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Аймақтық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына әріптестермен бірге кеңес құрамында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева да қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға баспана беру бойынша арнайы бағдарламалар және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. «Отбасы банкі» Қызылорда облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев аймақта банктің тұрғындарға ұсынған қызметтері барысымен және әлеуметтік осал топтарға бағытталған бағдарламалар жайлы түсіндірме жасады.
Банк филиалы директоры мәліметінше, Қызылорда облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы осы күнге дейін 325 салымшы несие алған, олардың ішінде көп балалы отбасы -150, толық емес отбасы – 144, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы – 31. Отырыс барысында кеңес мүшелері жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бақылау, жобалармен қамтылу бағытында елді мекендерде кеңінен ақпараттық жұмыстарды жүргізуді және онлайн режимінде қызмет көрсетуге көңіл бөлуді ұсынды.