Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысты

ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылын» өткізу жөніндегі іс шаралар жоспары аясында «Ұстаз» кәсіподағының Әуезов филиалы № 104 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алимбетова Айжанмен сұхбаттасып, ұжымның хал-жағдайын сұрады.

Олар “Ұстаз” Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастырған барлық байқаулары мен әртүрлі шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болғандарын баяндады. Мектептің кәсіподақ ұйымында кәсіподақ қозғалысына арналған көптеген іс-шаралар, жас мамандар үшін интеллектуалды кештер өткізілетінін және де барлық жеңімпаздарға сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталатынын атап өтті.

Жаңадан келген жас мамандарды кәсіподақ мүшесі қатарына қабылдау, олардың құқығын қорғау мәселелері де дұрыс жолға қойылғандығын айтты.

Әлемді жайлаған пандемия кезінде де мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, әр деңгейдегі мәселелерді шешуде, еңбек заңдарының орындалуын бақылауда ұстап, жұмыстарын әрі қарай жандандыра беретіндігіне сенім білдіріп, “Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік” қағидасын ұстанамыз,- деді бастауыш кәсіподақ төрайымы Айжан Алимбетова.