2021 жылғы 12 наурыздан бастап Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан ҚРКФ Заң клиникасының филиалы ашылды, оның қызметінің негізгі мақсаты кәсіподақ мүшелеріне практикалық тегін заң көмегін көрсету болып табылады. Өз қызметінде Заң клиникасы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, соттармен, адвокаттармен, заң кеңесшілерімен, медиаторлармен, білім беру және үкіметтік емес мекемелермен өзара әрекеттеседі.
2021 жылғы 20 мамырда өндіріспен байланысты жазатайым оқиға нәтижесінде мертіккен өнеркәсіптік кәсіпорынның қызметкері жұмыс берушіден моральдық зиянды өтеу сомасын өндіріп алу туралы заң клиникасына жүгінді. Қызметкер жұмыс берушінің еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығына зиян келтіргені үшін кінәсінің салдарынан оған өтемақы талап ететін моральдық зиян келтірілген деп санайды. Заң клиникасы алаңындағы бітімгерлік келіссөздер нәтижесінде “Медиация туралы” Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әрекет ете отырып, жұмыс беруші мен қызметкер кәсіби медиатордың қатысуымен Медиация туралы келісім жасасты, оның шарттары бойынша қызметкерге Тараптар келіскен мөлшерде моральдық зиян үшін өтемақы төленді. Қазіргі уақытта қызметкерге келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы толық көлемде төленді.
Заң клиникасына жүгінген кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін уақтылы қорғау қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге кепілдік береді.
Заң клиникасына хабарласу үшін 87088614656 жедел желі телефоны жұмыс істейді, оған құпия түрде хабарласуға болады.