Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Марат Бәйімбетов төрағалығымен Қызылорда облыстық кәсіподақтарының Үйлестіру кеңесі отырысы өтті.
Кеңес отырысының күн тәртібінде Кәсіподақтар федерациясымен бекітілген аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің қызметін бағалау рейтинтгі Ережесі туралы ақпарат берілді.
Өңірлерде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметін бағалау ұйымдастыру жұмыстары мен орындаушылық тәртіп, әлеуметтік әріптестікті дамыту және ақпараттық жұмыстарды күшейту сынды бірқатар негізгі жұмыс бағыттарының көрсеткіштерінен тұрады. Үйлестіру Кеңесінде сонымен қатар алдағы уақытқа жоспарланған аудандық үш жақты комиссия отырыстарында қаралатын мәселелер, бастауыш ұйымдармен жұмыс, кәсіподақ белсенділерін оқыту жұмыстары барысы талқыланды.