Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанованың төрағалығымен “Nur Otan” партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.
Кеңес қызметі Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың тапсырмалары шеңберінде өңірлерді теңгерімді дамыту, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру міндеттерін іске асырудың жүйелі мониторингіне және “Nur Otan” партиясының “өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!»
Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Өңірлік даму жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Вера Ким қатысты.
“Ауылдық аумақтарды дамыту ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауда басты рөл атқарады. Ауылда өмір сүру деңгейін одан әрі арттыру үшін “Ауыл-Ел бесігі” жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Жобаның мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту есебінен, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне жеткізе отырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Жалпы санынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл іріктелді, онда ауыл тұрғындарының 88% – ы тұрады. Аталған ауылдар демографиялық көрсеткіштерге, экономикалық белсенділікке, инфрақұрылым жағдайына қарай іріктелді. Бұл ауылдарды дамыту “Ауыл Ел бесігі” жобасы аясында басым тәртіппен жүзеге асырылатын болады”, – деп атап өтті Вера Ким онлайн-форматта құттықтау сөзінде.
Кеңес мүшелері Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ернар Кешубаевтың Павлодар облысында “Ауыл Ел бесігі” республикалық жобасын іске асыру туралы баяндамасын тыңдады, 2001 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті, бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді.