Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Лариса Тургинбаева “1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесіне орай №3 Шымкент балалар үйі бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлап, арнайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысты. Іс-шарада кәсіподақ ұйымының ұжымы балаларға ыстық лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, сый-сыяпаттарды табыс етті.
Қонақтарды асыға күткен бүлдіршіндер де өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би билеп, түрлі спорттық ойындарды да бірге ойнап, қызықты да көңілді күй кешті.