Павлодар облыстық білім және ғылым кәсіподақ ұйымы жанындағы Жастар кеңесі “Ауылым – алтын бесігім” веложарысын бастады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу мақсатында және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында “Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ жанындағы Жастар кеңесі жаңа кәсіподақ жобасы – “Ауылым – алтын бесігім” велошеруін бастады.

Веложарыс жас педагогтарды ауылдық жерлерде бекіту, велосипед спортын көліктің экологиялық таза түрінде танымал ету мәселелеріне арналған. Челленджге Успен, Май және Павлодар аудандарының білім беру мекемелерінің педагогтары қатысты.

2021 жылдың мамыр айында басталған “Ауылым – алтын бесігім” веложарысы Павлодар облысының білім беру мекемелерінде жалғасуда.