Кәсіподақ балабақша тәрбиешілерін құттықтады

Халықаралық балалар күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай бөбектеріміздің құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, қысым жасамауға үндейтін мереке.

Жаздың жайдары мерекесін аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары жоғары деңгейде атап өтті.

Бүлдіршіндер мен олардың тәлім-тәрбиесіне үлес қосып жүрген балабақша тәрбиешілерін құттықтады.

Мәселен, Алға аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелерін Алғыс хатпен марапаттап, қаржылай қолдау көрсетті.