Кәсіподақ өкілдері Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

“Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 игілік іс” қайырымдылық марафоны аясында 1 маусын күні Алатау ауданы бойынша “Устаз” жергілікті кәсіподақ филиалының төрағасы Мухамедиев К.Т. ауданның білім беру мекемелеріне барып, балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

№160 ЖББ орта мектепте бүлдіршіндерге бүгінгі күн туралы мағлұмат беріп, балаларға сүйікті балмұздақтарын тапсырдық. Мектеп басшысы Даулетова Г. А. балаларға құттықтауын арнап, дендеріне саулық тілеп, болашақта мықты азамат болатындарына сенім білдірді. №177 балабақшада – Нұршаева Э. Р. басқаратын балабақшаның ұстаздары өз күштерімен театрландырылған қойылым көрсетті. Іс шара көңілдерінен шығып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Осы күні Наурызбай ауданы бойынша “Устаз” жергілікті кәсіподақ филиалының төрағасы Сейаскаров М.А. ауданның білім беру мекемелеріне барып, балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. №157 жббм “Бақытты балалық шақ” атты мерекелік концерті ұйымдастырылды, №184 бөбекжайдағы мереке іс шаралар, №176 мектеп-гимназия мерекелік іс шаралармен бірге жазғы лагердің ашылуын қоса атап өтті. Барлық ұйымдастырылған іс шаралар балалардың көңілдерінен шығып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.