Павлодар облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдары Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Павлодар облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында қызметкерлердің балаларын құттықтап, оларға конкурстар, ойындар ұйымдастырып, сыйлық сертификаттар сыйлады.

“Қазақстан мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалы Павлодар облысы әкімдігі туризм мен спортты дамыту жөніндегі басқармасының № 2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің көмегімен Павлодар облысының Павлодар, Баянауыл, Ертіс аудандары мен Майқайың кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде оқитын жасөспірімдер арасында “Динамо-балаларға” жарысын өткізіп, алғыс хаттар, фирмалық спорттық костюмдер және “Динамо” логотипі бар бейсболкалар табыс етті.

“ҚазТрансОйл” АҚ Оңтүстік-Шығыс құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ” ҚБ “Антошка” дүкеніне 12 жасқа дейінгі, көп балалы отбасыларда және жалғыз басты аналарда тәрбиеленетін жұмыскерлердің 52 баласына, мүмкіндіктері шектеулі балаларға сыйлық сертификаттарын табыс етті.

“ЕRG Servise” ЖШС қызметкерлердің балалары үшін шығармашылық және спорттық тақырыптарға сурет, қолдан жасалған бұйымдар, бейнероликтер конкурсын өткізді, оның қорытындысы бойынша 126 қатысушыға “Антошка”дүкеніне сыйлық сертификаттары берілді. Әлеуметтік әріптестік аясында көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қабылданған Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес 10 000 теңгеден ақшалай төлемдер жүргізілді, “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ Кенжекөл балалар үйінің 50 тәрбиеленушісін құттықтап, оларға тәтті сыйлықтар сыйлады. Әлеуметтік әріптестік аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 31 отбасыға қабылданған Ұжымдық шарттың талаптары бойынша 25 000 теңгеден төленді.

“Қазхром” ТҰК ” АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты қатысушыларды марапаттаумен балалар суретінің конкурсын өткізді, Ақсу қаласының балаларына балмұздақтың 2000 порциясы сыйға тартылды. Әлеуметтік серіктестік аясында әрбір көпбалалы отбасы 25 000 теңгеден алды; мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар 10 000 теңгеден төлем алды,
“КЅР Steel” ЖШС әрбір көп балалы отбасыға құны 10 000 теңге тұратын “Крендель” кофеханасы мен кондитерлік дүкеніне азық-түлік сертификатын сыйлады, “Қазақстан алюминийі” АҚ қатысушыларды марапаттаумен балалар суреттерінің конкурсын өткізді. Материалдық жағдайы қиын отбасыларға және көп балалы отбасыларға “Балалар әлемі” дүкеніне құны 50 000 теңгеден 104 сертификат табысталды, Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ педагог, жазушы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған мәнерлеп оқу онлайн конкурсын өткізіп, жеті номинация бойынша жеңімпаздарға үш жүлделі орынмен “Балалар әлеміне”сыйлық сертификаттарын табыстады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының балаларына қамқорлық жасау – әлеуметтік әріптестіктің және қызметкерлерді қолдаудың басым бағыттарының бірі.