«Ізгілік шуағы» акциясы аясында

«Қызмет» Нұр-Сұлтан қалалық филиалы бастап берген «ІЗГІЛІК ШУАҒЫ» атты қайырымдылық акциясы Қарағанды өңірінде жалғасын тапты.

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға,ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді қолдау мақсатында бүгін үлкен мереке ұйымдастырылды. Балаларды қолдау орталығына тәтті, дәмділермен бірге, әр балаға жас ерекшеліктеріне қарай ойыншықтар берілді.

Жатақханада тұратын аз қамтылған отбасылардың балаларын ойын алаңында жинап, тегін ақ жейде үлестірумен қатар, сол жерде жейде бетіндегі суретті «Флюид АРТ»технологиясы бойынша өз қалауымен бояуға үлкен мүмкіндік берілді. Оған арналған қарындаштар да сыйға тартылды.

«Аланым» жастар орталығының ертегі кейіпкерлерімен бірлесіп 5 түрлі сайыс өткізілді. Әр бала арнайы өздеріне дайындалған сыйлықтың иесі атанды.