Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Болат Тұрсынбеков теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды филиалының (төрағасы – Яхия Альмусин) құрамына кіретін «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ филиалының Жаңаарқа жол дистанциясы кәсіподақ комитетінің төрағасы болып табылады.

Болат Тұрсынбеков жауапты және кәсіби қоғамдық жұмыс жүргізеді, үлкен еңбек өтілі бар, монтерден жол дистанциясының бас инженеріне дейінгі жолдан өтті.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы өз қатарында 470-тен астам кәсіподақ мүшелерін біріктіреді.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы учаскелердің алыстығы мен ұзақтығына қарамастан, барлық өндірістік цехтар мен тобықтарды өзінің назарымен және қолдауымен қамти алады. Жұмыс барысында Болат Нұрдәулетұлы өзін сауатты, беделді және мақсатқа ұмтылған кәсіподақ көшбасшысы ретінде көрсете білді. Әлеуметтік әріптестік шеңберінде жұмыс берушімен жұмыскерлердің көптеген әлеуметтік еңбек мәселелері шешіледі, ұжымда жанжалды жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылданады.

Темір жол көлігі қызметкерлерінің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және біріктіру мақсатында кәсіподақ комитеті жыл сайын жазғы спартакиадаларды ұйымдастырады және өткізеді, Жаңаарқа торабының командасы Қарағанды жол бөлімшесі өткізетін барлық спорттық іс-шараларға қатысады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымында «Қарттар күні» мерекесіне Жаңаарқа жол дистанциясының барлық еңбек ардагерлерінің кездесулерін өткізу дәстүрі қалыптасқан. Корпоративтік мәдениетті, тәлімгерлікті дамыту үшін және еңбек ардагерлеріне құрмет белгісі ретінде кәсіподақ активі естелік сыйлықтармен мерекелік кездесу ұйымдастырады.

Кәсіподақ төрағасы бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын қызметкерлерді қолдауға және олардың құқықтарын қорғауға бағыттайды. Кәсіподақ қызметінде шебер қолданатын өз білімін үнемі жетілдіріп отырады.

Жемісті еңбегі және кәсіподақ қозғалысына қосқан жеке үлесі үшін Болат Тұрсынбеков Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Салалық кәсіподақтың облыстық филиалымен атаулы сағатымен, сонымен қатар оның еңбегі көптеген мадақтамалармен марапатталды.

Теміржолшылардың кәсіподақ комитеті әрдайым жұмысшылармен бірге!