1 маусым – Балаларды қорғау күні

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі барлық балалар мен олардың ата-аналарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды. Мерекенің басты мақсаты – балалардың өмірге, пікір бостандығына, білім алуға, демалуға, физикалық және психикалық зорлық-зомбылықтан қорғауға, балалар еңбегін пайдалануды жоюға құқықтарын сақтау қажеттілігіне қоғамның назарын аудару.

Мерекеге орай аумақтық бірлестік ұжымы гандбол бөлімінің тәрбиеленушілері үшін “№2 ОРМБЖМ” КМҚК басшылығы ұйымдастырған көңілді старттарға қатысушы балаларды тәтті себеттермен марапаттады, “Павлодарпрофсервис” ЖШС директоры И.Д. Испулова мектеп басшылығына осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, балаларға денсаулық, жеңіс және спортшы-балаларға жоғары жетістіктер тіледі.

Балаларды қорғау, барлық балаларды қуаныш пен қамқорлықпен қоршау, әрқашан олардың пікірін құрметтеу және құқықтарын сақтау – ересектердің өскелең ұрпақ алдындағы борышы! Ең шуақты және мейірімді мереке жаздың бірінші күні, жазғы демалыс уақыты келгенде, балалар демалып, денсаулығын нығайта алады.