«Казхром» трансұлттық компаниясының филиалы-Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіподағы Халықаралық балаларды қорғау күнінде Дене шынықтыру сауықтыру кешені алаңында зауыт еңбеккерлерінің балалары мен барлық қала тұрғындарына арнап мерекелік шара ұйымдастырды. Шара барысында аниматорлар балаларға арнап мерекелік ойын-сауық бағдарламасын көрсетті. Түрлі ойындар, викториналар, конкурстар керемет көңілді кеш өтті. Балалар ерекше ықыласпен қатысып,өз өнерлерін көрсетіп, түрлі байқауларға қатысып, сыйлықтарға ие болды. Балаларға тәтті сыйлықтар мен балмұздақтар тегін үлестірілді.
“Біз зауыт еңбеккерлерінің балаларына үнемі көңіл бөлеміз.Меркелік шара аясында көп балалы және мүгедек бала бағып отырған отбасыларға қолдау ретінде бір реттік жәрдемақы ретінде сыйлық беруді дәстүрге айналдырдық.Балалар- біздің болашағымыз. Еліміздің болашағының жарқын болуы балаларымызға байланысты.Біз өз тарапымыздан түрлі қайырымдылық шаралар арқылы балаларға қамқор болуды парыз санаймыз”, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Сапарғали Мұқашев.
Мерекелік шара барлық қатысушылардың көңілінен шықты. Ата-аналар ризашылықтарын білдірді.