Ұстаздар Бурабайға саяхат жасады

Әне-міне дегенше бастапқы да ұзаққа созылардай көрінген мектептегі мұғалім жұмысының тоғыз айы да зымырап өте шықты. Жазғы демалыс десе бірден өзге қалаға немесе  шетелге саяхат есімізге түседі. Әрбір мұғалім демалысты жанға жайлы, қызықты өткізуді армандайды. Ал биылғы жылы 2021 жылдың 29-30 мамыр аралығында Нұра аудан мұғалімдерінің ішінен жиырма мұғалім Көкше жерінің Бурабай өлкесіне барып қайттық. Табиғаты өте керемет өлкенің берері мол!

«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» – деп Сәкен жырлаған Көкшетау өңірінде орналасқан табиғаты керемет  Бурабай өңіріне барып, демалу сәттері биыл Нұра ауданының білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен болды.

Демалыстың толыққанды қызықты өтуі, ұйымдастырушылардың кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, баршаны кызықтыра білуіне байланысты болды, мамыр айының соңғы шуақты күндердің айналаны өзінің сұлулығымен,әсемдігімен бізді баурап алып, алуан-алуан ағаштыры мен жан-жануар,аң-құстары орналасқан аңдар мене құстар саяжайына да барып тамашаладық. Екі күн зымырап өтіп,керемет демалыс бізге берер сері көп болды. Саяхатқа баратын аудан мұғалімдерінің арасынан  құрылған  бұл ұжым мүшелері атынан, мұғалімдерге жаз айларында өте қажетті демалыс сәттерін ұйымдастырған аудандық білім беру бөлімінің кәсіподағына алғысымыз шексіз.

#kasipodaqkz #БКҰ21 #kasipodaqkomektesude  #ҚалыңҚалайБастауыш #ҚРКФ  #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы