Салалық өңірлік келісім жасалды

Ақтөбеде ҚР Мәдениет,спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалының төрайымы Назира Табельдинова мен Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасның бастығы Алтынай Юнисова өңірлік салалық келісімге қол қойды.

Бұл өңірлік келісім бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің еңбек құқығы мен әлеуметтік кепілдігін сақтауға бағытталған.

2021-2023 жылдарға арналған келісім көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Салалық келісім жұмыс берушілердің бастауыш ұйым мүшелеріне жағдай жасауын,олардың еңбек жағдайларын жасауын, себепсіз қысқартпауын, жалақыларын дер кезінде берулерін қамтитын ұжымдық шарттар жасауға мүмкіндік береді.

Ең басты мақсат – жұмысшының еңбек құқығын қорғау.