“Бақытты балалық шақ” суреттер байқауы ұйымдастырылды

Ақтөбеде Халықаралық балаларды қорғау күні «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалының бастамасымен бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің балалары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің салған суреттері қабылданды.

Бақытты балалық шақты бейнелеген ашық жарқын түсті бояулармен салынған керемет туындылар саны көп болды. Әсіресе, Қобда, Алға ауданының мемлекеттік қызметшілерінің балалары мен Ақтөбе қаласынан қатысушыларды ерекше атап өткен жөн. Туындылар ішінен әділқазылар алқасы үздіктерін іріктеді.

Салтанатты мерекелік шарада «Қызмет» Салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар және балалалар ойын сауық орталығына сертификат табыс етті. Шараға қатысушыларға арнап мерекелік ойындар ұйымдастырылды. Балалар тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік шара ерекше көңілді өтті. Ата-аналар да риза болып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.