2021 жылғы 4 маусымда Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д. Н.Айтжанова Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшы-сының орынбасары Г. Б. Буратаеваның және бастамашыл топтың мүшесі М. А. Романцованың қатысуымен «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК, «ALMAZ MEDIKAL GROUP» ЖШС Павлодар филиалына, «Меd – с» медициналық орталығына барды.
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалындағы қоғамдық қабыл-дауда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы аналар ерекше қажеттіліктері бар балаларды кезектен тыс медициналық қабылдау қағидалары туралы балалар медициналық мекемелері пациент-терінің көрнекі хабардарлығының болмауы туралы, стационарлық меди-циналық мекемелерде емделуде жатқан ерекше қажеттіліктері бар балаларға үй тамағын беруге рұқсат ету және қосымша тамақ беру, ерекше қажет-тіліктері бар балалардың стационарлық медициналық мекемелерде анасы-ның бірге еріп жүруімен емделуден өтуіне рұқсат беруді шешу қажеттілігі жөніндегі мәселелерді бірнеше рет көтерді.
Қоғамдық мониторинг нәтижесінде Павлодар облыстық балалар ауруханасына барған кезде директордың орынбасары И. А. Орсагоштың қатысуымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларға кезектен тыс қызмет көрсетіледі» ақпараттық тақтайшаларының болуы, ақпараттық таблода пациентті қолдау қызметтерінің телефондары, сенім телефонының және директор А. М. Күзековтің WhatsApp нөмірінің болуы анықталды.
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыз-дағы № ҚЗ ДСМ – 96/2020 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес директор А.М. Күзеков 2021 жылғы 29 наурызда бекіткен инфекцияның әкелінуінің алдын алу мақсатында балаларға беруге рұқсат етілетін өнімдердің тізбесі туралы ақпарат ата-аналар үшін көрнекі түрде орналастырылған. Галет печеньесін зауыттық орамада -1 қаптама, газсыз минералды су, емдеуші дәрігердің келісімі бойынша зауыттық қаптамадағы шырындар 1 литрге дейін, емдеуші дәрігердің келісімі бойынша 0, 3-0, 5 кг жемістер беруге рұқсат етілген.
Емдеуші дәрігердің келісімі бойынша қажет болған жағдайда мүгедек балаларға ерекше және қосымша тамақ беруге рұқсат етіледі.
Ақпараттық таблода ата-аналар үшін ашық қолжетімділікте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 78-бабы-на сәйкес 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж ересек жастағы ауыр науқас балаларды күтім жасайтын адамдарды бірге жатқызу жүзеге асырылатыны туралы ақпарат орналастырылған.
Баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған бүкіл кезеңде бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. 1 жастан 5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ауруханаға жатқызылған, сондай-ақ қосымша күтімді қажет ететін 5 жастан асқан балалармен бірге жатқан адамдар өздерінің тамақтануы үшін ғана ақы төлейді.
Күтімге мұқтаж 1 жастан асқан балалармен жатқан адамдарды тамақтандыру құны тәулігіне 680 теңгені құрайды. Балаларды тамақтандыру толығымен тегін. 5 жасқа дейінгі, сондай-ақ қосымша күтімді талап ететін 5 жастан асқан мүгедек балаларды емдеуге жатқызу тегін негізде жүргізіледі. 5 жастан асқан мүгедек балаға қосымша күтімді қамтамасыз ету үшін ересек адамды ауруханаға жатқызу қажеттілігі мәселесі баланың жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесінде шешіледі.
«ALMAZ MEDIKAL GROUP» ЖШС Павлодар филиалына монито-ринг жүргізу мақсатымен барған кезде қоғамдық ақпараттық тақтада филиал директорының, пациенттерді қолдаудың өңірлік қызметінің және филиал пациенттерін қолдау қызметінің байланыс телефондары орналастырылғаны анықталды. Бірінші қабатта медициналық көмек алуға қолжетімділік үшін арнайы мүгедектер мен егде жастағы пациенттерді алғашқы қабылдаудың №105 кабинеті ашылған, онда «Қазақстан Респуб-ликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы « 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 ҚР Заңының 14-бабының 8-тармақшасына сәйкес мүгедектерге кезектен тыс қызмет көрсетіледі» деген белгі орналастырылған.
«Меd-с» медициналық орталығына барған кезде ғимаратта жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының себебінен, қоғамдық мониторинг жүргізу мүмкін болмады, сондықтан қоғамдық мониторинг тобы медици-налық орталықтың басшылығына мүмкіндігі шектеулі пациенттерді кезектен тыс қабылдау туралы ақпаратты және пациенттерге қолдау көрсету қызметтерінің телефондарын, оның ішінде сенім телефоны мен WhatsApp нөмірін пациенттерге ыңғайлы болу үшін медициналық орталық басшысының нөмірін көрнекі жерге орналастыру қажеттігі туралы ұсынымдар берді.
«Nur Otan» партиясы мен мемлекеттік органдар бірлескен жұмыс процесінде азаматтардан келіп түсетін барлық мәселелерді азаматтарды қоғамдық қабылдау кезінде ғана емес, сондай-ақ қызметінде азаматтардың өтініштері үшін себептер туындаған объектілерге бару арқылы шешуге дайын.