Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері

Шымкент қаласында Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысына “Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев, қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратов, қалалық Ішкі саясат және Жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Манатбекұлы, қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков, қалалық Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкеманов, қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов, қалалық Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Мейірова, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия отырысы барысында 2021 жылға “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған 2500 адамды оқытуға 403358 мың теңге қажеттілік бар екені, бүгінгі күнге бөлінгені 344250 мың теңге, қосымша 58933 мың теңге сұратылып отырғаны баян етілді.

“Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 2 бағытта жүргізіледі. Олар Жұмыс берушілердің сұранысы негізінде оқыту және еңбек нарығының сұранысына сәйкес оқыту (оқу ваучері).

Бүгінгі күнге 122 жұмыс берушілерден сұраныс түскен. Олар:

– Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқыту. Қазіргі уақытта 18 жұмыс берушілерден 8 мамандықта 620 адам оқыту жөнінде сұраныс түсіп отыр;

– Еңбек нарығының сұранысына сәйкес, оқу ваучерінде 104 жұмыс берушілерден 23 мамандық бойынша 1880 адамды оқытуға сұраныс түскен.

Кәсіпкерлер палатасының реестріне 25 білім беру ұйымдары ілінген. Оның ішінде 4 мемлекеттік колледж, 2 жеке меншік колледж, 10 оқу орталықтары, 9 кәсіпорын жанынан құрылған оқу орталықтары.

Осы орайда, комиссия отырысында білім беру ұйымдары мен мамандықтар және мақұлданған білім беру ұйымдары, сондай-ақ, мамандықтары бойынша орындарды бөлу бекітілді.

#kasipodaqkz

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы