Бүгінгі таңда «Сосновый Бор» шипажайы – бұл тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде танымал республикадағы ең жақсы санаторийлердің бірі.
Кезінде кәсіподақ қозғалысының ардагері, бұрын Қостанай облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Дмитрий Яковлевич Брусник «Сосновый Бор» шипажайын салуға бастамашы болған. Ал бүгінде бұл минералды көлдің жағасында экологиялық таза аймақта орналасқан, қылқан жапырақты орманмен қоршалған, Қазақстанның басқа қалаларынан кәсіподақ мүшелері жиі келетін заманауи санаторий.
«Қостанай облысының кәсіпкерлік қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің құрамына кіретін «Санаторий Сосновый Бор» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы 20 жыл бойы кәсіптік одақ мүшелерінің табысты жұмыс жасауына жағдай жасау және олардың өмірлік жағдайын жақсарту, соның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға атаулы материалдық көмек және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмыс жасауда. Бүгінгі күні кәсіподақ комитетінің саны 100% құрайды, бұл 213 қызметкер.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілов Әбілханның айтуынша, кәсіподақ өзінің төрағалық еткен алты жылында өзінің дәстүрлерін, Еңбек Ерін қолдауға бағытталған іс-шараларды қалыптастырды.
Кәсіподақ қызметкерлерінің балалары үшін 1 қыркүйек – Білім күніне материалдық көмек көрсетеді. Сонымен бірге қарттар күні, балаларды қорғау күні, Наурыз мейрамы, Жаңа жыл, кәсіби және басқа да мерекелерді атап өту, сондай-ақ мерейтойлар мен туған күндерімен құттықтау дәстүрге айналды. Кәсіподақ мүшелері үшін ақшалай сыйлықақылар да, сыйлықтар да, денсаулықты жақсартуға және сауықтыруға жолдамалар беріледі.
Бас директор Дидар Әубәкіров әкімшілік тарапынан кәсіподақ ұсынған бастамаларды қолдайды. Шипажайдың басшысы бірнеше рет ҚР Кәсіподақтар Федерациясының марапаттарына ұсынылды және марапатталды. Кәсіподақ мүшелері жиналыстарда ұжымдық шартқа енгізілетін негізгі ережелерді, өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға қатысады, қажетті кеңес алуға мүмкіндік алады.
#kasipodaqkz