Бүгін «Үміт» құрылыс саласы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Айдар Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділовпен кездесті.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері елордалық краншылар жалақыны көтеру, мереке күндері жұмысқа шыққаны үшін үстеме төлемдерді қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек шарттарын жасасу және жұмыс берушінің қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде талаптар қойып бірнеше рет ереуілге шықты.
Осы орайда мұнаралы кран жұмысшыларының бастамашыл тобының талаптарын тыңдаған Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының өкілдері Кәсіподақтар Федерациясының әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша ұстанымын жеткізіп, еңбек дауларын шешудің заңнамалық нормалары және осы қызметті заңнамалық негізде жүргізу қажеттілігі туралы түсіндірмелер беріп келді.
Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының өкілдері құрылыс компанияларында кәсіподақ ұйымының жоқтығына қарамастан, әрбір жеке еңбек дауы аясында жұмыскерлердің құқықтарын сақтауға Кәсіподақтар федерациясы диалог алаңын ұсынып, көмектесуге дайын екендігін білдірді.
Соның нәтижесінде жуық арада ғана «Үміт» құрылыс саласы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ҚБ құрылды.
Кездесу барысында «Үміт» құрылыс саласы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы төрағасы Қайрат Айдар мен Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділовпен жұмыскерлердің құқықтары бұзылған жағдайдағы іс-әрекеттер алгоритмін, жаңа құрылған жергілікті кәсіподақ қызметін жетілдіру бойынша мәселелерді талқылады.