Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы 2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп бекіткен. Осы орайда, республика көлемінде “Үздік бастауыш ұйым” байқау-сайысы басталып кеткені белгілі.
Кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру, еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту, кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелерін тарату мақсатында ұйымдастырылған байқау-сайысқа Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Шымкент қалалық ұйымының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары да белсене қатысуда.
Байқауға қатысуға өтініш білдірген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жеңімпаздарын анықтау үшін “Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында комиссия отырысы өтті.
Жеңімпаздар келесі критерийлер бойынша анықталды:
1. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында соңғы үш жылда жұмыс жасайтындар немесе білім алушыларды кәсіподақ мүшелігімен қамту, кәсіподақ мүшелерінің есепте тұру жағдайы;
2. Жоғарғы кәсіподақ органдарының шешімдерін орындау;
3. Әлеуметтік әріптестік тәжірибесі (ұжымдық шарттың болуы және орындалуы, ұйымның ұжымдық шартында бекітілген қосымша әлеуметтік кепілдіктер деңгейі, оның орындалуын бақылау, ұжымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге қатысу және т.б.);
4. Еңбек заңнамасын қадағалауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, құқықтық көмек көрсету, ұйымда келісу комиссиясының болуы және оның жұмысы;
5. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың қадағалануына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру;
6. Мәдени-бұқаралық, спорттық және дене-шынықтыру, сауықтыру шараларын өткізу, кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын санаторлық-шипажайлық емдеу және сауықтыру жөніндегі жұмыс, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру;
7. Ақпараттық жұмыс;
8. Жастармен жұмыс жүйесінің болуы, сайланбалы кәсіподақ органдарында жастар өкілдігі, тәлімгерлікті ұйымдастыру;
9. Кәсіподақтың қаржы саясатын іске асыру жұмысы, тексеру комиссиясының жұмысы, мүшелік жарналарды толық әрі уақытында төлеу, кәсіподақ бюджетінің стандартын жоспарлау және енгізу;
10. Жаңашыл идеялар және оларды іске асыру;
11. Кадрлық жұмыс;
12. Кәсіподақ мүшелері – соғыс және еңбек ардагерлерімен жұмысы;
13. Кәсіподақ мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған іс-шаралар;
14. Бекітілген істер номенклатурасына сәйкес жұмыс жасау жағдайы бойынша жақсы көрсеткіштерге жеткен үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары анықталды.
“Үздік бастауыш ұйым” байқау-сайысының жеңімпаздары 11 маусым күніне жоспарланған арнайы жиында жария етіледі.