Жамбыл облысы әкімдігі мен Жамбыл облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және облыстық жұмыс берушілер арасында 2021- 2023 жылдарға арналған өңірлік Үшжақты келісімге қол қойылды.
Жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев, Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов, Жамбыл облысындағы берушілер одағының өкілі Ғұлам Умаров, кәсіподақ төрағалары мен облыс әкімдігінің басқарма басшылары қатысты.
Жиналыс барысында әлеуметтік әріптестер Үшжақты келісім аясында барлық меншік түріндегі кәсіпорандар мен мекемелерде кәсіподақ ұйымдарын құру жұмыстарын жандандыруға, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жұмысшылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралардың деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға уағдаласты.