Қостанай облысы Кәсіподақтар орталығының «Келешек» жастар кеңесі ХЕҰ-ның №190 конвенциясын қолдайды

Халықаралық еңбек ұйымының № 190 конвенциясы – бұл еңбек әлеміндегі зорлық-зомбылық пен алымсақтықты тоқтататын алғашқы халықаралық шарт. Бұл конвенция мемлекеттерге, жұмыс берушілерге және кәсіподақтарға азаматтарға қатысты тиімді саясатты құруға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оның жағымсыз салдарын жоюға көмектеседі.

Ағымдағы жылдың 25 маусымында ХЕҰ-ның «Еңбек әлеміндегі зорлық-зомбылық пен алымсақтықты жою туралы» №190 Конвенциясы күшіне енеді. Осы іс-шараның қарсаңында Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы «Іс-қимыл аптасын» жариялады, оның шеңберінде кәсіподақтардың зорлық-зомбылық пен алымсақтыққа ұшырамайтын жұмыс әлемі үшін күресі туралы іс-шаралар мен ақпараттық кампаниялар өткізіледі.

Бұл науқанға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы да қосылды.

«Қостанай облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ҚРКФ бастамасын қолдайтындығын білдіреді. Бұл тақырып Үйлестіру кеңесінің күн тәртібіне енгізілген.

Сонымен қатар, Қостанай облысы Кәсіподақтар орталығының «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері бастауыш кәсіподақ ұйымдарында әріптестер арасында ақпараттық жұмыс жүргізді. Мысалы, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының “Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы” КММ бастауыш кәсіподақ ұйымында, “Соколов-Сарбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің” технологиялық жабдықтарды жөндеу бөлімінің кәсіподақ комитетінде Конвенцияның негізгі ережелерін талқылау бойынша жеке және топтық әңгімелесулер өткізілді.

ССКБӨБ ТЖЖБ кәсіподақ комитетінің төрағасы Александр Шахворост кәсіподақ мүшелеріне бұл құжаттың маңыздылығын атап өтті, өйткені әркім өзінің еңбек өмірінде зорлық-зомбылық пен алымсақтыққы ұшырамауға құқылы.

Алдағы уақытта Конвенция ұлттық заңнамадағы және құқық қолдану саласындағы олқылықтардың орнын толтыруға көмектеседі, сондықтан миллиондаған жұмысшыларды қорғай алатын болады.