Ұлттық спорт қанат жайып келеді

Қазақстан Республикасының Садақ ату, арбалет және дартс тарту федерациясының Президенті Алмаз Мырзабеков садақшы спортшыларын дайындау бойынша жаттықтырушылар құрамының жұмысы туралы айтып берді.

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Теміртау және Балқаш қалалары қоғам қайраткерлері Кемелбек Сүйімбаев пен Жұмағазы Мұхаметжанов қолдауымен облыста, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ спорт кешенінің базасында параолимпиялық спортшылардың қатысуымен Қазақстан Республикасының он екі чемпионаты өткізілді, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихында алғаш рет Балқаш қаласында ARCHERY Биатлон жарысы өткізілді.

Қазақстандық спортшылар Әлем кубогы кезеңінің жеңімпаздары атанды, Токио 2020 Олимпиада ойындарына үш лицензиялық жолдаманы жеңіп алды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов садақ ату қазақ халқының ежелгі спорт түрлерінің бірі болып табылатынын және осы спорт түріне жастар өкілдерінің көбірек қызығушылық танытатынын атап өтті.

Қарағанды облысының басшылығы атынан Қазақстан құрамасының кезекті Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуіне тілектестік білдірді.