Қызылорда облысының азаматтық қоғам мүшелері көршілес Түркістан облысы әріптестерімен Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайту мәселесін талқылады. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Сапаров ашып, облыстағы осы бағыттағы жұмыстарымен таныстырды. Түркістан облысының Азаматтық Альянсының төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, облыстық мәслихаты депутаты Инара Абдиғаппарқызы, Қызылорда облысының «Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» төрайымы Анар Ізден азаматтық қоғам институттарының жұмыс барыстары мен тәжірибелерінен ақпарат беріп, ұсыныстар білдірді.
Қазірде Қазақстан Республикасының Азаматтық Альянсының бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында “Қоғамдық бақылау туралы” заң жобасының, азаматтық қоғам институттарының стандарттары, ұйымдардың тұрақты даму мүмкіндіктері туралы талқылаулар қызу жүргізілуде. Диалог алаңында азаматтық қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен азаматтық қоғамның жұмысы барысындағы жаңа мүмкіндіктер мен қиындықтар туралы ойлары ортаға салынып, ортақ мәселелерді шешу жолдары іздестірілді.
Өңірлердің азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайту мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға арналған басқосу «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қорының жұмысы барысымен танысу, «Береке» қағамдық бірлестігі, «Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігі жұмыстары барысы туралы ақпарат алып, өзара серіктестік ниеттеріне жалғасты.
Қызылордалықтар жаңарған Түркістан қаласының көрнекті жерлерімен танысып, рухани орталықтың аз уақытта түлеген келбетінен мол әсерлермен оралды. Шараға әріптестер қатарында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева да қатысты.