“Еңбеккер бейнесінде” – дәрігер-реаниматолог Серік Қадыржанұлы Қарасартов

Дәрігер-реаниматолог Серік Қадыржанұлы Қарасартов  1959 жылы дүниеге келген. 1983 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірген. 1983-1984 жылдары Жамбыл облыстық ауруханасында анестезиолог мамандығы бойынша интернатурадан өткен. 1984-2004 жылдары Жамбыл облыстық ауруханада дәрігер реаниматолог, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2004-2008 жылдары Жедел жәрдем ауруханасы реанимация бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2008 жылдан бері Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында дәрігер реаниматолог, реанимация бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарып келеді.

Серік Қадыржанұлы – сауатты білікті маман, жоғары санаттағы дәрігер реаниматолог. Туберкулез бойынша мамандандырылған сапалы көмек көрсету жөнінде барлық қажетті практикалық қабілеттерді игерген. Әріптестері мен науқастар арасында сыйлы, беделді. Әрдайым өзінің кәсіби біліктілігін шыңдап жүреді.

Бүгінде ол – облыстағы сауатты маман, еңбекқор, жауапты, жоғары білікті көмек көрсететін, кәсіби білім қоры мол дәрігер. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен бөлімдегі жұмыс көрсеткіштерінде жақсарулар байқалуда. Қарасартов Серік Қадыржанұлы денсаулық сақтау саласында 37 жылдан бері аянбай қызмет көрсетуде. Білімділігімен, еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен жоғары деңгейде үздік қызметін көрсете білген абзал жан. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған.