Кәсіподаққа еңбегі сіңген ел ардақтысы

2021 жылдың 11 маусымында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Өмірәлі Бердіғалидың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте Түркістан қаласының «Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бектас Шірікбаевты кәсіподаққа сіңірген елеулі еңбегі үшін «Ел ардақтысы» медалімен марапаттады.

Төраға Б.Өмірәлі өз сөзінде Б.Шірікбаевты 70 жасқа толуымен құттықтап, ұтымды ұйымдастырушылық қабілетімен, көркем мінезімен, шынайы мәдениеттілігімен, парасаттылығымен халықтың ыстық ықыласы мен зор құрметіне бөленген абыройы асқақ, беделі биік, абзал азамат екенін айтып өтті. Өз кезегінде салалық кәсіподақ төрағалары: Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Кулдар Есебаева, Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов, Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, Бектас Шірікбаевты марапатымен және 70 жасқа толған мерекесімен құттықтап, кәсіподақ саласында атқарып жатқан еңбегіне зор табыстар тіледі.