Павлодар облысының кәсіподақтары «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны аясында еңбек заңнамасын түсіндіруді жалғастыруда

2021 жылғы 11 маусымда «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық науқаны шеңберінде “Павлодар облысының білім беру басқармасы” ММ шақыруы бойынша Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Д.Р. Қайырбек және “Павлодарпрофсервис” ЖШС директоры И.Д. Испулова жұмыс тобының құрамында қалалық мәдениет және демалыс паркі аумағында орналасқан шағын бизнес кәсіпорындары мен “Парковое” дәмханасының қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнына барып рейдтік іс-шараларды жалғастырды.

Жыл сайынғы Ұлттық ақпараттық науқанның мақсаты балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады. Кәсіпорындарға барған кезде кәсіподақ өкілдері жеке кәсіпкерлермен он алты жасқа толған азаматтарды рәсімдеу кезінде еңбек заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы: еңбек шартын жасасу, жұмысқа қабылдауды рәсімдеу, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын белгілеу, түнгі және үстеме жұмыстарға тартуға тыйым салу, дуальді оқытудың ерекшеліктері, жеке еңбек дауларын шешу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырды.

Әрбір шағын бизнес кәсіпорны Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі әзірлеген еңбек заңнамасының нормалары бойынша жадынамалар алды.

Еңбек қатынастарына қатысушыларға консультациялық көмек және құқықтық қолдау көрсету үшін кәсіподақ өкілдері балалар еңбегін пайдалану жөніндегі еңбек заңнамасының нормалары туралы Түсіндірмені және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің сенім телефоны туралы 87088614656 мәліметтерді қамтитын ақпараттық флаерлер табыс етті, оған әрбір ұйымның қызметкері кедергісіз, оның ішінде құпия түрде жүгіне алады.