Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Сергей Сивков – ұзақ жылдық жұмыс тәжірибесі бар кәсіподақ көшбасшысы болып табылады: 1997 жылдың қазан айында кәсіподақ конференциясында Калинин атындағы шахтаның кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды, Абай және Калинин атындағы екі шахтаны біріктіргеннен кейін Абай шахтасының кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді, ал 2006 жылдың қараша айынан бастап «Қорғау» Қарағанды облыстық көміршілер кәсіподағының ұйымдастыру бөлімінің басшысы болды.

2011 жылдың қараша айында баламалы негізде «АрселорМиталл Теміртау» АҚ Көмір Департаментінің Абай шахтасының есеп беру-сайлау конференциясында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды, қазіргі уақытта 830 адам еңбек етеді.

Сергей Анатольевич кәсіподақ жұмысының негізі адамдармен тікелей байланыс орнату және оларды қажетті уақытта қолдау деп санайды.

Учаскелер ұжымдарының мүшелерімен кездесулер, шахтерлермен, регрессниктермен және еңбек ардагерлерімен жеке байланыс орнату, адамдарды толғандыратын қойылған мәселелерді шешуге қатысу – бұл көмір кәсіпорнының кәсіподақ комитеті және олардың көшбасшысы қызметінің басты бағыттары болып табылады.

Кәсіподақ комитеті осы шахтаны тоқсаныншы жылдары басқарған Николай Михайлович Дудкин басқаратын, 95% көмір кәсіпорнының қызметкерлерінен тұратын Абай ауданының Ақсақалдар Кеңесімен тұрақты байланыс жасайды.

«Абай» шахтасының кәсіподақ комитеті регрессші мүгедектермен және олардың «Уақыт» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалымен тұрақты байланыстарды сақтайды. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға: концлагерь тұтқындарына, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне барып отыру жақсы дәстүрге айналды.

Кәсіподақ комитетінің отырыстарында материалдық қолдау алқалы түрде бөлінеді, цехтық кәсіподақ ұйымдары қызметінің өзекті мәселелері қаралады.

Кәсіподақ комитеті шахтаның спорт нұсқаушысымен бірлесіп, жер асты учаскелері, цехтар және шахтаның құрылымдық бөлімшелері арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырады, сондай-ақ «АрселорМиталл Теміртау» АҚ Көмір департаментінің еңбек ұжымдары мен кәсіпорындары арасында «Шахтер» спорт клубымен дәстүрлі жарыстарға қатысады. Шахтаның кәсіподақ комитетінің төрағасы мен мүшелері өндірістегі жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқытуды ұйымдастыруға белсенді қатысады, барлық қызметкерлерді арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.

Коронавирустық пандемиясымен байланысты күрделі жағдайға қарамастан, Кеншілер ұжымы жаңа жабдықтар мен материалдармен қамтамасыз ету бойынша іркіліссіз тұрақты жұмыс істеуде. 2021 жылдың жылдық Жоспары (қалыптасқан жағдай бойынша) осы жылдың сәуір айында орындалды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сергей Сивков бастаған кәсіподақ комитеті – кенші еңбегі қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда сенімді тұр.