“Үздік бастауыш ұйым” байқау-сайысының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы 2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп бекіткен. Осы орайда, республика көлемінде “Үздік бастауыш ұйым” байқау-сайысы өтуде. Бүгін сайысқа белсенді түрде қатысқан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Шымкент қалалық ұйымының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жеңімпаздары марапатталды.

Нәтижесінде:
🏆Бас жүлде: №27 “Мәртөбе” жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы – (150 мың теңге)
🏅1 орын: №55 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымына – 100 мың теңге;
🏅2 орын: №109 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымына – 80 мың теңге;
🏅3 орын: №94 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы – 50мың теңге;

Бұдан бөлек, байқаудың қалалық кезеңінде топ жарып, бәйге алған бейнероликтердің үздігі анықталды.

Нәтижесінде:
🏆Бас жүлде: №46 мектеп-лицейдің бастауыш кәсіподақ ұйымына – 80 мың теңге;
🏅1 орын: №108 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымына – 70 мың теңге;
🏅2 орын: №34 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы – 60 мың теңге;
🏅3 орын: №102 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы – 50мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.