Еңбек адамын лайықты өмірмен қамтамасыз ету – кәсіподақ алдында тұрған міндеттердің бірі. Осы бағытта «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы кәсіподақ мүшелеріне «Помощница» химиялық тазарту бойынша әлеуметтік әріптесін таныстырды.
Жылдам және үздіксіз жүктемеге толы әлемде өмір сүреміз, «Помощница» барлық тұтынушыларға күнделікті тіршілікті жеңілдете алады.
«Помощница» химиялық тазарту мекемесінің қызметкерлері 20 жыл бойы Қостанай тұрғындарының өмірін жайлы етіп келеді. Халық пен кәсіпорындармен жұмыс жасап, жоғары сапалы тазалық, өндірістік қондырғылар және жаңа технологияларда қызмет көрсету бойынша нарықта көпжылдық тәжірибесі бар. Тұтынушылар зығыр маталарды, арнайы, формалық киімдерді, халаттар мен сүлгілерді, дастархан мен перделерді, жамылғыларды құрғақ тазалауға және жууға тапсырыс бере алады. Мекемеде интерьер заттарын, сонымен қатар театр және сахна костюмдерін тазарту бойынша да қызмет көрсетіледі.
«Помощница» жұмысты қысқа мерзімде орындайды және кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелері үшін қызмет бағасынан 10% жеңілдікпен қызмет көрсетеді.