Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағының “Астана” қалалық филиалының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын “Астанагорархитектура” ЖШС-нің кәсіподақ комитетінің кезекті отырысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының ағымдағы жылғы 25 маусымнан бастап Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) “Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы” №190 Конвенциясының күшіне енуіне арналған ХЕҰ-ның “Іс-қимылдар апталығы” акциясын қолдау туралы үндеуі және гендерлік теңдік жөніндегі Ұжымдық шарттың талаптары қаралды.
“Астанагорархитектура” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының активі ҚРКФ бастамасына қолдау білдіреді.
“Өйткені, ХЕҰ №190 “Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы” Конвенциясы әр адамның зорлық-зомбылық пен қысымшылықтан еркін жұмыс істеуге құқығы бар екенін растайтын маңызды құжат болып табылады”, – дейді кәсіподақ ұйымының төрайымы Шынар Тоқтарбаева.